Қазақстан мен Өзбекстан көлік саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан мен Өзбекстан көлік саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Бүгін Ташкент қаласында Қазақстан Республикасының Бас көлік прокуроры мен Өзбекстан Республикасының Көлік прокурорының екіжақты кездесуі өтті.

Келіссөздер барысында көлік және кедендік әкімшілендіру саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Өзара тауар айналымының өсуі мен транзиттік тасымал көлемінің артуы жағдайында көлік саласындағы құқықтық тәртіпті сақтау ерекше өзектілікке ие екені атап өтілді.

Өткізу пункттері арқылы тауарларды заңсыз өткізуге қарсы іс-қимыл жасауға және оның алдын алудың тиімді шараларын әзірлеуге ерекше көңіл бөлінді. Тараптар халықаралық іс-қимылды нығайту мен жедел ақпарат алмасуды жетілдірудің маңыздылығын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Өзбекстанның көлік прокуратуралары арасындағы заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге дайындық расталды.

 

Бас көлік прокуратурасы