Алкогольдің бағасы – адам өмірі

Алкогольдің бағасы – адам өмірі

Ақтөбе облысында «Ақтөбе – Алматы» жолаушылар пойызында болған кісі өлтіру дерегі бойынша сот үкімі шықты.

Қайғылы оқиға өткен жылдың қазан айында қызметтік іссапар кезінде болған. Мейрамхана-вагонында үш әріптес алкогольдік ішімдік ішіп, артынан екі ер адамның арасында жанжал туындаған.

Вагон тамбурында жолаушылардың бірі өз әріптесіне бірнеше рет пышақ жарақатын салып, соның салдарынан жәбірленуші оқиға орнында көз жұмды.

Сот сотталушыны ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оған 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Үкім заңды күшіне енді.

Аталған оқиға алкогольдің қайғылы әрі орны толмас салдарға әкеп соқтыратынын тағы да дәлелдеп отыр.

 


Бас көлік прокуратурасы