ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері прокуратура органдарының үйлестіруімен стратегиялық биоресурстарды заңсыз шығарумен айналысқан трансұлттық топқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.
Қылмыстық топ Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында өндірілген өнімді сатып алу, өңдеу және сақтаумен айналысқан. Кейіннен тауарды алмастырып, Қырғызстаннан шыққан деген жалған құжаттар рәсімдеу арқылы шекара асырып отырған.
Кеден арқылы 88 тонна артемия цистасы заңсыз өткізілген. Мемлекетке 142 млн теңгеден астам шығын келтірілді, қазіргі уақытта ол толықтай өтелді.
Қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданды.
Бас көлік прокуратурасы