Өскемен әуежайының басшылығы өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін сотталды

Өскемен әуежайының басшылығы өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін сотталды

Шығыс Қазақстан облысында «Өскемен қаласының әуежайы» АҚ-ның бұрынғы президенті мен атқарушы директорына қатысты қылмыстық іс қаралды.

Тергеу барысында экс-басшының бірнеше жыл бойы қызметтік жағдайын жеке мақсатына пайдаланғаны анықталды: ол өзіне заңсыз түрде жоғарылатылған төлемдер мен сыйақылар тағайындап, қызметтік автокөліктерді үлестес тұлғаларға төмендетілген бағамен сатуды ұйымдастырған және жеңілдік шарттарымен жалдау келісімшарттарын жасасқан.

Нәтижесінде мемлекетке 140 млн теңгеден астам шығын келтірілді, бұл аса ірі көлемдегі залал деп танылды.

Атқарушы директор мен материалдық-техникалық қамтамасыз ету тобының бастығы қылмысқа қатысушы сыбайластар ретінде танылды.

Сот барлық сотталушыларды кінәлі деп танып, келтірілген шығынды өтеуді міндеттеді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.



 Бас көлік прокуратурасы