Ақтөбе облысының көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелері ведомствоаралық деңгейде талқыланды

Ақтөбе облысының көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелері ведомствоаралық деңгейде талқыланды

Ақтөбе облысында Бас көлік прокуратурасының қатысуымен өңірдегі көлік инфрақұрылымының негізгі нысандарын жаңғырту және олардың жұмыс істеу мәселелері қаралды.

Көлік прокуратурасының өкілдері Ақтөбе халықаралық әуежайының қызметімен және оның инфрақұрылымын дамыту бойынша инвестициялық жобалардың іске асырылуына баға берді.

Басты назар — жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және облыстың транзиттік әлеуетін одан әрі нығайтуға аударылды.

Сондай-ақ теміржол вокзалын реконструкциялау және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жай-күйі талқыланды.

Сонымен қатар мына мәселелерге ерекше екпін қойылды: трассаларды қысқы мезгілде күтіп ұстау, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол, құтқару және медициналық қызметтердің жедел әрекет етуге дайындығы.

Шара қорытындысы бойынша ведомствоаралық кеңес өткізіліп, онда прокуратура тарапынан көлік инфрақұрылымын күтіп ұстау сапасын арттыруға және анықталған кемшіліктерді жоюға бағытталған нақты тапсырмалар берілді.

Іс-шаралар аясында азаматтарды жеке қабылдау ұйымдастырылды.

Түскен өтініштер бойынша қажетті түсіндірмелер беріліп, жекелеген мәселелер прокуратура органдарының бақылауына алынды.

 

 

 Бас көлік прокуратурасы