Ақтөбеде сот психотроптық заттардың заңсыз айналымымен айналысқан жергілікті тұрғынға қатысты үкім шығарды.
Тұрақты жұмыс орны жоқ ер адамның интернет-ресурстар мен Telegram мессенджері арқылы белгісіз тұлғалармен сөз байласқаны анықталды. Ол қала аумағында «жасырын орындар» (бетпе-бет келмейтін әдіс) арқылы психотроптық заттарды өткізуді ұйымдастырып, әрбір салынған зат (закладка) үшін ақы алып отырған.
Сот кінәлі адамға жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеумен 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Көлік прокуратурасы есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымы үшін қатаң қылмыстық жауаптылықтың қарастырылғанын ескертеді және азаматтарды қырағы болуға шақырады.
Бас көлік прокуратурасы