
Ведомствоаралық өзара іс-қимылды дамытуға және пошта көлігі тасымалы саласындағы заңдылықты нығайтуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының Бас көлік прокурорының атынан «Қазпошта» АҚ басшысы мен бірқатар қызметкерлеріне алғыс хаттар табыс етілді.
Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылғы 29 желтоқсанда Бас көлік прокуратурасы ұлттық пошта операторымен өзара іс-қимыл туралы келісімге қол жеткізген болатын.
Уағдаластықтар аясында «QazPost.kz» мобильді қосымшасында Бас көлік прокуратурасының ресми интернет-ресурсына интерактивті сілтеме орналастырылды. Онда пайдаланушылар үшін айналысқа тыйым салынған заттар мен нәрселері бар пошта жөнелтілімдерін жібергені және алғаны үшін қылмыстық жауаптылық шаралары туралы түсіндірме ақпарат қамтылған.
Атап айтқанда, азаматтарға есірткі құралдарының, қару-жарақтың, оқ-дәрілердің, жарылғыш заттардың, сондай-ақ сирек кездесетін және мемлекет қорғауындағы жануарлар мен өсімдіктердің заңсыз айналымының құқықтық салдары түсіндіріледі.
Бұл жобаны іске асыру халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, құқық бұзушылықтың алдын алуға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған. Цифрлық құралдарды пайдалану құқықтық ақпаратты азаматтардың кең ауқымына жеткізуге мүмкіндік береді және заңға мойынсұнушылық мінез-құлықты қалыптастыруға ықпал етеді.
Бас көлік прокуратурасы мен «Қазпошта» АҚ көлік және пошта салаларындағы профилактикалық механизмдерді дамыту және заңдылықты нығайту бойынша бірлескен жұмысты жалғастыра береді.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
#ЗаңБәрінеОртақ
Бас көлік прокуратурасы