Көлік прокурорлары бастамасымен «Нұр-Жолы» кеден бекетінің қызметкерлері ұсталды

Көлік прокурорлары бастамасымен «Нұр-Жолы» кеден бекетінің қызметкерлері ұсталды

Бас көлік прокуратурасының бастамасымен Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 2020 жылғы 10 тамызда, «Нұр-Жолы» кеден бекетінің мемлекеттік кірістер органының, сондай-ақ ветеринарлық және фитосанитарлық бақылау қызметкерлерін ұстады.

Олар мемлекеттік шекара арқылы тұлғаларды кедергісіз өткізіп жүйелі түрде пара алғандары үшін күдіктелуде.

Қажетті тергеу амалдары жүргізіліп, істі тергеп-тексеру барысы Бас көлік прокуратурасының бақылауында.

Өзге ақпарат тергеп-тексеру мүдделерiне қайшы келтірмеу мақсатында жария етілмейді.

Бас көлік прокуратурасы