Көлік прокурорлары монополистердің тарифін түсірді

Көлік прокурорлары монополистердің  тарифін түсірді

Жетісу көлік прокуратурасы монополияға қарсы саласындағы заңнаманың сақталуына талдау жүргізу кезінде монополистермен қызмет көрсету саласында тарифты заңсыз көтеру фактілерін анықтады.

Табиғи монополиялар субъектілері «ППЖТ КАП» ЖШС, «Гулден Сауда» ЖШС және «ППЖТ-2» ЖШС 2019 жылы жылжымалы құрамдардың жүруіне арналған кірме жолдарын қамтамасыз ету қызметіне тарифтерді негізсіз көтерген.

Мысалы, «ППЖТ-2» ЖШС-і кірме жолдары бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтер көлемін көбейтумен  километріне әр вагонға тарифты 936,5 теңгеден 976,2 теңгеге дейін негізсіз көтерген.

ҚР ҰЭМ табиғи монополияларды реттеу Комитетінің Алматы қаласы бойынша Департаментіне  прокурорлық қадағалау актісі енгізілді, оны қарау нәтижесінде тарифтер төмендетіліп қалыпқа келтірілген. Жол берілген бұзушылықтар бойынша лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Осылайша, қабылданған шаралар негізінде монополистердің қызметін пайдаланатын 93 кәсіпкердің құқықтары қорғалды. Тұтынушылар қаражаттарын 6 млн.теңгеге дейін  үнемдеді.

Бизнес құқығын қорғау қадағалау ведомствосының басымды бағыттарының бірі болып табылады және үнемі бақылауды.

Жетісу көлік прокуратурасы