Бас көлік прокуратурасы «Атамекен» ҰКП алаңында бизнес өкілдерімен ашық кездесу өткізді. Талқылауға уәкілетті мемлекеттік органдар мен онлайн форматта қосылған өңірлік палата өкілдері қатысты.
Автомобиль, авиация, теміржол және логистика салаларынан келген шамамен 120 қатысушы өз сұрақтары мен ұсыныстарын жеткізді. Прокурорлар барлық мәселелерді мұқият тыңдап, жедел әрекет етуді талап ететін негізгі тақырыптарды айқындады.
Кездесу қорытындысы бойынша әрбір проблемалық мәселені нүктелі түрде пысықтау тапсырылды. Ашық диалог форматы тұрақты түрде жүргізіліп, бизнестің жүйелі мәселелерін уақытылы әрі ашық шешуге мүмкіндік береді.
Бас көлік прокуратурасы