Көлік саласындағы инвесторларды қорғау және цифрлық бақылау

Көлік саласындағы инвесторларды қорғау және цифрлық бақылау

8 қыркүйекте халық Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысындағы Алатау қаласының дамуына жаңа бағыт белгіледі. Мемлекет басшысы Alatau City іскерлік белсенділіктің, инновациялар мен заманауи қалалық ортаның орталығына айналып, болашақтың стандарты болатын жоба екеніне баса назар аударды.

Осы міндеттердің іске асырылуы аясында жобада қатысатын бірқатар кәсіпкерлер магистральдық құбырдың орналасуына байланысты қиындықтарға тап болғандықтан, Бас көлік прокуратурасының өкілдері жергілікті жерде жұмыс жүргізді. Кешігулер мен артық кедергілерге жол бермеу мақсатында БКП басшылығы бизнес өкілдері мен әкімдік арасында кездесу ұйымдастырды.

Сұхбаттасу барысында кәсіпкерлер өз сұрақтарын қойып, БКП қызметкерлері оларды шешу бойынша ұсыныстарын білдірді, нәтижесінде тараптар ортақ келісімге келді. Енді Президенттің Alatau City-ді дамыту жөніндегі тапсырмаларының жылдам әрі қосымша тәуекелсіз жүзеге асатынына сенім бар.

Жұмыс сапары барысында сондай-ақ «ҚазАвтоЖол» басшылығымен кездесулер өткізіліп, жол қызметтерінің қысқы кезеңге дайындығы тексерілді және жол саласындағы бақылауды цифрландыру мәселелері талқыланды. Прокуратура «Жол активтері сапасының ұлттық орталығының» жұмысымен танысып, «KazRoadLab» жүйесін прокуратура органдарының базаларымен интеграциялау бастамасын қолдады — бұл жолдардың сапасын онлайн режимде бақылауға мүмкіндік береді.

Заманауи технологияларды енгізу және ведомстволық өзара іс-қимылды нығайту бойынша жұмыс жалғастырылады.

 

      Бас көлік прокуратурасы