Өмірді таңда, есірткіден бас тарт!

Өмірді таңда, есірткіден бас тарт!

 

 

Бас көлік прокуратурасы қоғамда «Заң мен Тәртіп» идеологиясын насихаттау аясында есірткінің заңсыз айналымын болдырмауға арналған қысқаметражды фильм әзірлеп, таныстырды.

Видеороликтің мақсаты — азаматтарды есірткі қылмысына қатысу қаупі мен салдары туралы хабардар ету және заңды сақтауға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу. Материал қолжетімді түрде дайындалып, кең аудиторияға бағытталған.

Видеоролик елдегі кинотеатрларда, сондай-ақ көлік нысандардағы медиаэкрандар мен сандық алаңдарда көрсетілетін болады. Бас көлік прокуратурасы азаматтарды бейжай қалмай, еліміздің болашағына қатер төндіретін бұл қауіпке бірлесе қарсы тұруға шақырады.

  

Бас көлік прокуратурасы