«Bek Air» әуе кемесінің апатқа ұшырауы бойынша сот үкімі шықты

«Bek Air» әуе кемесінің апатқа ұшырауы бойынша сот үкімі шықты

Алматы қаласының Түрксіб аудандық соты 2019 жылғы 27 желтоқсанда Алматы әуежайында болған «Bek Air» әуе компаниясына тиесілі «Fokker 100» әуе кемесінің апатқа ұшырауы туралы қылмыстық іс бойынша үкім шығарды.

Сот әуе кемесінің командирін және екінші ұшқышты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 344-бабының 3-бөлігінде көзделген, адам өліміне әкеп соққан әуе көлігін пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу қылмысын жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Айыпталушылардың қайтыс болуына байланысты жаза тағайындалмады.

Сотпен ұшу экипажы тарапынан әуе кемесін пайдалану ережелерін өрескел бұзушылықтарға жол берілгенін, бұл адам шығынына әкелген әуе апатына себеп болғанын анықталды.

Еске сала кетсек: ұшақ бортында барлығы 98 адам болған, оның ішінде 93 жолаушы және 5 экипаж мүшесі. Апат салдарынан 11 жолаушы мен әуе кемесінің командирі қаза тапты. Екінші ұшқыш медициналық мекемеден шыққаннан кейін көз жұмды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Бас көлік прокуратурасы