380 тонна қара металл мемлекет кірісіне өндірілді

380 тонна қара металл мемлекет кірісіне өндірілді

Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Индустрия және құрылыс министрінің бұйрығымен ел аумағынан қара металдардың сынығы мен қалдықтарын (пайдаланылған) сыртқа шығаруға уақытша тыйым салынған.

Белгіленген шектеулерге қарамастан, Маңғыстау облысындағы төрт серіктестік белгіленген тәртіпті бұзған. Маңғыстау көлік прокуратурасының бастамасымен мемлекет кірісіне 380 тонна металл сынығы өндірілді.

Қабылданған шаралар осындай заңбұзушылықтардың алдын алуға және заңдылықты нығайтуға мүмкіндік берді. Прокуратура органдары «Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру және мемлекеттің экономикалық мүдделерін қорғау бойынша жұмысты жалғастыруда.

#Заң_мен_Тәртіп

#ЗАҢменТӘРТІП

#Заңбәрінеортақ

 

 Бас көлік прокуратурасы