Алматы қаласының Авиациялық көлік прокуроры ұсақ бұзақылық фактісі бойынша Е.Әбдіровке қатысты істі тоқтату туралы Ақтау қаласының мамандандырылған сотының шешіміне шағым түсірді.
Осы сот актісінің заңдылығы мен апелляциялық шағымның дәлелдері Маңғыстау облыстық сотында белгіленген тәртіпте қаралатын болады.
Қызметтік тексеру жүргізілуіне байланысты «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабы 1-бөлігінің 2) тармағына сәйкес Әбдіров Ерболат оның жауаптылығы туралы мәселе түпкілікті шешілгенге дейін қызметінен уақытша шеттетілді.
Бас көлік прокуратурасы