Бизнес заңмен қорғанады: прокуратура заңсыз алымдарды тоқтатты

Бизнес заңмен қорғанады: прокуратура заңсыз алымдарды тоқтатты

Заң – бәріне ортақ және баршаға міндетті, мәртебесіне қарамастан. Бұған отандық тауар өндіруші «Востокмашзавод» АҚ (ВМЗ) мысал бола алады. Кәсіпорын «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС тарапынан вагондардың тоқтап тұруына байланысты миллиардтаған теңге көлеміндегі негізсіз айыппұлдар салынуына орай Бас көлік прокуратурасына жүгінген болатын.

Қазақстан Республикасының «Темір жол көлігі туралы» Заңының 49-бабының 2-тармағына сәйкес, вагондардың кідірісі үшін жүкті жөнелтушілер, алушылар, жолдар мен вагондардың иелері жауапты болып табылады. Алайда, талап қойылған сәтте ВМЗ аталған тұлғалардың ешқайсысы болмаған және тиісінше бұл төлемдер мен айыппұлдарды төлеуге міндетті емес еді.

Дегенмен, мәселе 2022 жылдан бері шешілмей келген. «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің заңсыз әрекеттері негізсіз берешектің туындауына және инвестордың құқықтарының бұзылуына алып келді.

Бас көлік прокуратурасының ұсынуы бойынша, жалпы сомасы 4 млрд теңгеге жуық негізсіз есептеулер алынып тасталып, заңсыз тәжірибе тоқтатылды.

Бұл мысал прокуратураның заңдылықты сақтау мен отандық бизнестің мүдделерін қорғаудағы маңызды рөлін айқын көрсетеді.

  

Бас көлік прокуратурасы