Қаруды тапсыр - қауіпсіздікті таңда

Қаруды тапсыр - қауіпсіздікті таңда

Соңғы кездері жолаушылар арасында кастет, пышақ, таяқша және тағы басқа суық қаруды анықтау деректері жиіленуде.

Мұндай заттарды алып жүруі қайтымсыз салдарға әкелуі мүмкін.

Соңғы 5 жылда осындай деректермен 92 адам сотталған.

«Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында Астана қаласының Авиациялық көлік прокуратурасы мен Астана қаласының әуежайындағы желілік полиция бөлімі қылмыстардың алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шараларды жүргізуде.

Осыған орай, біз елорда әуежайының аумағында суық қаруды өз еркімен тапсыру үшін арнайы жәшік орнаттық.

Қылмыстық кодекстің 287-бабының ескертпесіне сәйкес, суық қаруды өз еркімен тапсырған адам, егер әрекетінде өзге қылмыс белгілері болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

Бүгінгі күнде жолаушылар суық қаруды өз еркімен тапсыруда.

Осылайша, қылмыстық жазадан құтылу үшін суық қаруды тапсыруды ұсынамыз.

 

#Заң_мен_Тәртіп

#ЗАҢменТӘРТІП

#ЗаңБәрінеОртақ

 

 

Бас көлік прокуратурасы