Прокуратура түсіндіреді: жолаушылар мен балалардың құқықтары бұзылған жағдайда не істеу керек

Прокуратура түсіндіреді:  жолаушылар мен балалардың құқықтары бұзылған жағдайда не істеу керек

Құрметті азаматтар!

Авиациялық көлік прокуратурасы азаматтардың, жолаушылардың және кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғау бойынша тұрақты түрде шаралар қабылдап келеді.

Мысал ретінде, кәмелетке толмаған қыз баланың қазақстандық әуе компанияларының бірінің рейсіне негізсіз жіберілмей, қонақүймен қамтамасыз етілмеген жағдайын келтіруге болады.

Бұл әрекеттер «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Заңын, әуе көлігімен жолаушыларды тасымалдау қағидаларын, сондай-ақ «Баланың құқықтары туралы» Заңды өрескел бұзу болып табылады.

Прокуратура сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың, барлық жолаушылардың құқықтарын қорғау бағытында да жұмыстар жүргізуде.

Өткен жылы орын саны шектелген рейстерге билеттерді артық сату (овербукинг) фактісі анықталды. Бұл Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін әрекет болып табылады.

Аталған барлық заңбұзушылықтар бойынша прокурорлық қадағалау актілері енгізілді.

 

Құрметті ата-аналар!

Егер сіздің балаңыз овербукинг немесе басқа да заңсыз себептермен рейске жіберілмей қалса, әуежай орналасқан өңірдің авиациялық көлік прокуратурасына жүгінуге құқылысыздар. Біз баланың құқықтарын қорғау және әуе компанияларын жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылдаймыз.

Құқықтарыңызды қорғаудан қорықпаңыздар — заң сіздің жағыңызда!        

#Заң_мен_Тәртіп

#ЗАҢменТӘРТІП

#Заңбәрінеортақ

 

Бас көлік прокуратурасы