«Заң мен Тәртіп» апталығы аясында Астана әуежайында «Тәртіп батырлары күні» акциясы өтті

«Заң мен Тәртіп» апталығы аясында Астана әуежайында «Тәртіп батырлары күні» акциясы өтті

Бүгін Мемлекет Басшысының бастамасымен және Бас Прокурордың тапсырмасы бойынша өткізіліп жатқан «Заң мен Тәртіп» апталығы аясында Астана қаласының әуежайында «Тәртіп батырлары күні» атты акция ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында қоғамдық тәртіпті нығайту және халықтың құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Шаһар тұрғындары мен қонақтары өздерін толғандырған құқықтық мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар мен түсіндірмелер алды.

Акцияның басты мақсаты – азаматтарды құқықтық ақпаратпен қамтамасыз ету ғана емес, сонымен қатар құқық қорғау органдарына деген халық сенімін арттырып, өзара тиімді қарым-қатынасты дамыту.

#Заң_мен_Тәртіп

#ЗАҢменТӘРТІП

 

 

Бас көлік прокуратурасы