Бас көлік прокуратурасы Ақмола облысы Аршалы ауданындағы «SG Brick» ЖШС және «SG Beton завод» ЖШС инвестициялық жобасын сүйемелдеуге алды.
Кәсіпорындар жыл сайын әлеуметтік маңызы бар нысандар – мектептер, балабақшалар мен ауруханалар құрылысына пайдаланылатын 120 млн данаға дейін кірпіш және темірбетон бұйымдарын: 615 мың желілік метрге дейін қадалар мен 950 мың м² дейін жабын плиталарын шығарады.
Инвесторлар теміржол логистикасы саласында мәселелерге тап болды. Атап айтқанда, кірме жолды магистральдық теміржол желісіне қосуға техникалық қорытынды берудің кешігуі өнім жеткізуді жоспарлауға кедергі келтірді.
Прокуратураның араласуынан кейін «ҚТЖ» ҰК» АҚ инвесторларға барлық қажетті техникалық шарттарды берді.
Бас көлік прокуратурасы