Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, прокуратура органдары басым инвестициялық жобаларды сүйемелдеуді жалғастыруда.
Тексеру барысында «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ «ТЛК Тобыл» ЖШС-не «Құрғақ порт» логистикалық кешенінің құрылысын салуға рұқсат беруден негізсіз бас тартқаны анықталды. Бас тарту құстардың шоғырлану қаупіне сілтеме жасай отырып шығарылған.
Алайда, жобада жабық қоймалар мен жүктерді қаптама ыдысқа орау көзделген, бұл мұндай қауіптердің алдын алады. Сонымен қатар, бұл шешім заң талаптарына сай прокуратурамен келіспей қабылданған.
Қадағалау органы енгізген ұсыныс негізінде рұқсат беріліп, заңбұзушылықтар жойылды, инвестордың құқықтары қалпына келтірілді.
Бас көлік прокуратурасы