Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша көлік прокуратурасы маңызды инвестициялық жобаларды сүйемелдеуді жалғастыруда.
Жоба Қытайдың ірі порттық компанияларының бірі – «Ляньюньган порт компаниясы» ЖШС-мен бірлесіп жүзеге асырылуда. Осы серіктестік аясында «Ақтау халықаралық контейнерлік хабы» ЖШС бірлескен кәсіпорны құрылды.
Шетелдік жұмыс күшіне квота беруден бас тартылуына байланысты құрылыс басталу мерзімдері қауіпке ұшырады. Бас көлік прокуратурасының араласуынан кейін қажетті квоталар бөлінді.
Қазіргі уақытта жоба іске асырылуда. Инвестициялық жобаларды сүйемелдеу жұмысы ерекше бақылауда.
Бас көлік прокуратурасы