БП

Меню

Страницы

Статья

Бас көлік прокуратурасы пошта қызметтері арқылы жіберілуіне тыйым салынған заттарды алғаны үшін қылмыстық жауапкершілік туралы ескертеді

Пошта арқылы тауарларға тапсырыс беру және оларды алу кезінде ережелерді білу маңызды!

Құқық қорғау органдары азаматтардың пошта қызметтері арқылы тыйым салынған заттарға тапсырыс беру жағдайларының жиілегенін тіркеуде.

Еске саламыз: әрбір азамат жөнелтуге тыйым салынған заттарды тапсырыс бергені, алғаны және сақтағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

БАСҚА ЕЛДЕРДЕН ТӨМЕНДЕГІ ЗАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУҒА ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:

  1. Қару-жарақтың барлық түрлері: жауынгерлік, атыс, суық қару (кастеттер, пышақтар, дубинкалар), сондай-ақ оқ-дәрілер, арнайы техникалық құралдар және олардың құрамдас бөліктері.(ҚР ҚК 287-бабы — айыппұлдан бастап 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру)
  2. Есірткі құралдары, психотроптық заттар және сол тектес прекурсорлар.
    (ҚР ҚК 296, 297-баптары — 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру)
  3. Ядролық материалдар, радиоактивті, күшті әсер ететін және күйдіргіш заттар; жарылғыш, тез тұтанатын заттар және пиротехника.
    (ҚР ҚК 283-бабы — айыппұлдан бастап 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру)
  4. Жойылып кету қаупі төнген сирек жануарлар мен өсімдіктердің туындылары мен объектілері.(ҚР ҚК 339-1-бабы — айыппұлдан бастап 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру)

Тыйым салынған заттарды мемлекеттік шекара арқылы заңсыз өткізу контрабанда ретінде сараланып, ҚР ҚК-нің 286-бабында көзделген қылмыстық жауатылық туындатады (айыппұлдан бастап 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру).

ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН БОСАТУ

Аталған заттарды алу, сақтау немесе жөнелту қылмыстық жауапкершілікке тартуға негіз болады.

Азамат өз еркімен бас тартқан немесе тапсырған жағдайда — жауынгерлік, атыс, суық қаруды (кастеттер, пышақтар, дубинкалар), сондай-ақ оқ-дәрілерді, арнайы техникалық құралдарды және олардың құрамдас бөліктерін, сондай-ақ жеке тұтыну үшін алған есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын, прекурсорларды — басқа қылмыс белгілері болмаған кезде қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.

Маңызды: ұстау кезінде немесе тергеу әрекеттері барысында заттарды алып қою ерікті тапсыру болып саналмайды.

БАСТЫ ҚАҒИДА

 Шығу тегі немесе заңдылығы сізге белгісіз кез келген мазмұндағы сәлемдемелерге ешқашан тапсырыс бермеңіз.

Тапсырысты рәсімдеу арқылы сіз автоматты түрде жөнелту тізбегінің қатысушысына айналып, қылмыстық процеске тартылуыңыз мүмкін.

#Заң_мен_Тәртіп

#ЗАҢменТӘРТІП

#Заңбәрінеортақ

 

Бас көлік прокуратурасы

Дата публикации
19 декабря 2025
Дата обновления
19 декабря 2025
Тип

Сейчас читают

19 марта 2026
Жалған қауіп-қатерлер – 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру
19 декабря 2025
Бас көлік прокуратурасы пошта қызметтері арқылы жіберілуіне тыйым салынған заттарды алғаны үшін қылмыстық жауапкершілік туралы ескертеді
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық

Социальные медиа

youtube
telegram

Меню подвал

Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты