Алматы қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің жаңа басшысы тағайындалды

Алматы қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің жаңа басшысы тағайындалды
 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Алматы қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы болып Серик Тулеуханович Жанайдаров 2025 жылғы 12 мамырдағы №409-ж/қ бұйрыққа сәйкес тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының міндетін атқарушы Нұрмахан Әбілқасымұлы Әділбеков Алматы қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің ұжымына жаңа басшы – Серік Төлеуханұлы Жанайдаровты таныстырды.

Жанайдаров Серік Тлеуханұлы 1968 жылы Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Бүйректал селосында туған. Ұлты – қазақ. 1994 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін орта мектептің тарих мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. 1999 жылы Алматы Заң институтын заңгер мамандығы бойынша бітірген. 2016 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Экономика және бизнес» бакалавры бойынша бітірген.

2024 жылғы 1 шілдеден 2025 жылғы 8 мамырға дейін ҚР ҚМ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Шымкент қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы болып қызмет атқарды.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Кеден қызметінің үздігі» төсбелгісімен, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ««Мемлекеттік кірістер органдарының үздігі» төсбелгісімен, «Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.