Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекеше-лендіру комитетінің Ақмола мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410 Заңының 8-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығына сәйкес, 2025 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде № 4 ҮББ жобаларын іске асырудың өзекті мәселелерін талқылау мәселесі бойынша скрам-кездесулер хаттамасын орындау үшін 2025 жылдың 02 маусымнан бастап 13 маусым аралығында департамент қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы хабарлайды.
Талдау кезеңі: 2024 жылғы шілде -- 2025 жылғы мамыр.
СЖТІТ жүргізу мәселелері бойынша 8 (7162) 251162 телефоны бойынша хабарласуға болады.