Бүгін, 27 ақпанда, Қаржы министрлігі Әдеп жөніндегі уәкілі К.Арыстанбекованың басшылығымен әдеп нормаларын сақтау жөнінде семинар өтті.
Семинарда спикерлер - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті превенция басқармасы басшысының орынбасары Д. Қозыбаев, Астана қаласы Полиция департаменті жол-патруль қызметінің бастығы, полиция майоры Б. Кодебаев, Астана қаласы полиция департаменті есірткіге қарсы күрес басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі А. Қибатқызы мемлекеттік қызметшілердің қоғамдық орындарда алкогольдік немесе есірткілік мас күйінде пайда болуымен байланысты бұзушылықтардың алдын-алу, сондай-ақ осындай жағдайда көлік құралдарын басқаруға жол бермеу шаралары талқыланды. Полиция өкілі заңнама нормаларын, оларды бұзғаны үшін жауапкершілікті және алдын-алу шараларын түсіндірді.
Шара барысында есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтары мен прекурсорларын медициналық емес тұтыну, сондай-ақ көлік құралын мас күйінде басқаруға жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылды