Батыс Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті қызметінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың қоғамдық талқылауын өткізу туралы

Батыс Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті қызметінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың қоғамдық талқылауын өткізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Батыс Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы №410 Заңының 8-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына сәйкес және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының  2024 жылғы 11 сәуірдегі №Л-69 бұйрығын орындау мақсатында  Орал қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 208 мекенжайы бойынша (4 қабат, 40 кабинет) және Департаменттің инстаграм желісі  арқылы 2025 жылдың 07 ақпанында сағат 15.00-де Департамент қызметінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың қоғамдық талқылауын өткізуді жоспарлауда. Инстаграм сілтемесін алу үшін 87112504753, 87112512179 телефондарына хабарласуға болады.