Мемлекеттік мүліктің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 207 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы (бұдан әрі – Жоба) БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Мемлекеттік мүліктің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 207 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы  (бұдан әрі – Жоба)                                           БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Жоба:

1) Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша берген тапсырмаларының орындалуын бақылауды бекітудің 14.2-тармағын орындау мақсатында;

2) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 198- бабы 1-тармағының 5-1) тармақшасына сәйкес.

Жобаның мақсаты мүлікті тізімдеу, мемлекеттік мүлік тізілімінде мемлекетке тиесілі ақпараттандыру объектілерін есепке алу, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен операторлардан есепке алу объектілері туралы ақпарат алу үшін құқықтық негіз құру және мемлекеттің экономикада болуын барынша қысқарту мақсатында жекешелендіруге немесе таратуға жататын мемлекеттік объектілерді (субъектілерді) анықтау үшін.

Жоба ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=15016642 2024 жылғы 15 сәуірде орналастырылды.

Жобаның жария талқылауды өткізу мерзімі - 2024 жылғы 30 сәуірге дейін.