«Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрі пайдаланудың кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына (бұдан әрі – Жоба) БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

«Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрі пайдаланудың кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы  26 шілдедегі № 833 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына (бұдан әрі – Жоба)  БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Жоба:

1) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу және «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына;

2) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнесті жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына;

3) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрімен 2023 жылғы 27 қазанда бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің қызметін кешенді тексеру барысында берілген ұсынымдарды іске асыру жөніндегі
іс–шаралар жоспарының 9-тармағына;

4) Қазақстан Республикасы Заңдылықты, тәртіпті қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесі отырысының 2023 жылғы
30 мамырдағы № 2қ/23-01 хаттамасының 17.2-тармағына;

5) Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатаның 2023 жылғы
21 жетоқсандағы №29-3-Н нұсқамасының 1-тармағының 2.1) тармақшасына сәйкес әзірленді.

Жобаның мақсаты мүлікті тізімдеу, бағалау және (немесе) қабылдау-беру актілерін есепке алу кітабын электрондық форматқа көшіру, уәкілетті органның немесе жергілікті атқару органдарының мүлікті олардың теңгеріміне бекітіліп берілген қойма үй-жайларында жекелеген негіздір бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған мүлікті сақтауы құқығын көздеу, мемлекеттік мүлік тізілімнің домендік атауын www.gosreestr.kz www.e-qazyna.kz ауыстыру, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының атауының Арнаулы мемлекеттік қор болып өзгертілуі, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
214-бабына сәйкес келтіру болып табылады.

Жоба ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (http://legalacts.egov.kz) (ID 15007723) 2024 жылғы 8 сәуірде орналастырылды.

Жоба жария талқылауды өткізу мерзімі – 2024 жылғы 22 сәуірге дейін.