«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің бұйрығының жобасына (бұдан әрі – Жоба) ПРЕСС-РЕЛИЗ

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің  бұйрығының жобасына  (бұдан әрі – Жоба)  ПРЕСС-РЕЛИЗ

 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі және дактилоскопиялық тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2023 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңымен «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Мемлекеттік мүлік туралы заң) толықтыру енгізілді, оған сәйкес мемлекетке тиесілі ақпараттандыру объектілері мемлекеттік мүлік тізілімінің есепке алу объектілері болып табылады (198-баптың 1-тармағының 5-1) тармақшасы).

 Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің 2024 жылғы 20 ақпандағы №17-р өкіміне (бұдан әрі - Өкім) сәйкес қабылдануы жоғарыда көрсетілген Заңдармен негізделетін құқықтық актілердің тізбесі бекітілді.

Осыған орай, Мемлекеттік мүлік туралы заңына сәйкес келтіру мақсатында және Өкімді орындау мақсатында «Мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiне есепке алу объектiлерi деректерiн енгiзудің, сондай-ақ мемлекеттiк мүлiкке түгендеу, паспорттау және қайта бағалауды бірыңғай мерзімде жүргiзудің бірыңғай әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы №636 және «Мемлекеттік мүлік тізіліміне деректерді беру нысанын, көлемін және кезеңділігін бекіту туралы» Қаржы министрінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 267 бұйрықтарына өзгерістер енгізіледі.

Жобаны іске асыру республикалық бюджеттен қаржы қаражатын бөлуді талап етпейді.

  • Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайды.
  • Жоба мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында және ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14955637) орналастырылған.