
«Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы
№ 227 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі бұйрығының жобасына
БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
«Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы
№ 227 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің бұйрық жобасы (бұдан әрі – Бұйрық жобасы) мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтық тәртіп заңдылығын қолдау, қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ көліктік қызмет көрсету үшін құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, мемлекеттік саяси қызметшілердің, Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының, мемлекеттік органдар мен олардың аппараттары қызметкерлерінің қызметін қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік органның теңгерімдеріне беруге болатын жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған мүлікті айқындау мақсатында әзірленген.
Бұйрық жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің
интернет-порталында (http://legalacts.egov.kz) (ID 14805204) 2023 жылғы
17 қарашада орналастырылды.
Бұйрық жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі – 2023 жылғы
1 желтоқсанға дейін.