«Мемлекеттік мүлік тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 207 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің бұйрығының жобасы ПРЕСС-РЕЛИЗ

«Мемлекеттік мүлік тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 207 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің бұйрығының жобасы  ПРЕСС-РЕЛИЗ

«Мемлекеттік мүлік тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы                 № 207 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің бұйрығының жобасы (бұдан әрі – Бұйрық жобасы) Мемлекеттік мүлік тізілімінде мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды есепке алу, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен операторлардан мемлекеттік қолдау туралы ақпарат алу үшін құқықтық негіз құру мақсатында құрастырылған.

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 198-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін мемлекеттік мүлік тізілімін жүргізу қағидаларында айқындалған мемлекеттік мүліктің өзге де түрлері (санаттары) Мемлекеттік мүлік тізілімін есепке алу объектілері болып табылады.

          Жобаны іске асыру республикалық бюджеттен қаржы қаражатын бөлуді талап етпейді.

  • Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайды.
  • Жоба мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында және ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14802821) орналастырылған.

Бұйрық жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі 2023 жылғы 29 қарашада.