Республика күніне арналған салтанатты іс-шара

Республика күніне арналған салтанатты іс-шара

Бүгін Қаржы министрлігінде Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев әріптестерін келе жатқан мерекемен құттықтады.

Мерекелік шарада Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік наградалар табыстады.

«Құрмет» орденімен Шымкент қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы – Нұрмахан Әбілқасымұлы Әділбеков наградталды.

 «Ерең еңбегі үшін» меділімен Комитеттің қызметін ұйымдастыру басқармасының басшысы – Алия Ерболқызы Баймульдина және Республикалық мемлекеттік заңды тұлғалардың мүлкін мүліктік жалға беруді және пайдалануды ұйымдастыру басқармасының бас сарапшысы Ажаркүл Әлментайқызы Сайымбетова наградталды.

Салтанатты шара мерекелік концертпен жалғасты.