ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы Б.К. Тәшеновтің Ақтау қаласының тұрғындарымен кездесуі

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы Б.К. Тәшеновтің Ақтау қаласының тұрғындарымен кездесуі

Ағымдағы жылдың 22 қыркүйегінде ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы Б.К. Тәшенов Ақтау қаласының тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кездесуде Комитет төрағасы Б.Х. Тәшенов Қазақстандағы жекешелендірудің тарихы, жекешелендіруді өткізу арқылы экономиканы одан әрі мемлекет иелігінен шығару міндеттер туралы және 2021-2025 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспарын іске асыру туралы қысқаша баяндама жасады.

Кездесуде Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Бектемір Руслан Бектемірұлы және Маңғыстау мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы Камалов Мұқанжан Бахтыбайұлы қатысты.

Азаматтар кездесуге белсенді қатысып, мемлекеттік мүлікті жалға алу және жекешелендіру рәсімдеріне қатысты сұрақтар қойды.

Кездесуден кейін Б.Х. Тәшенов БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен баспасөз конференциясына қатысып, азаматтардың жеке қабылдауын өткізді.