Бауржан Асқарұлы Тынысбеков 2023 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі аппарат басшысының
№789-ж/қ бұйрығымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Батыс Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы лауазымына тағайындалды.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Жақсықұлұлы Мырзахметов «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Батыс Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті» ММ-нің ұжымына жаңа басшы Бауыржан Асқарұлы Тынысбековті таныстырды.
Бауыржан Асқарұлы Тынысбеков 1987 жылы 17 қыркүйекте Алматы облысында дүниеге келген.
Білімі бойынша экономист, заңгер. Халықаралық Бизнес Университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық және Ноттингем университеттерін бітірген.
Еңбек жолын 2012 жылы Астана қаласында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық мониторингі комитетінде сарапшы лауазымында бастаған.
2012 жылғы 15 қазаннан бастап 2018 жылғы 2 қаңтарға дейін
ҚР ҚМ Қазынашылық комитетінің әр түрлі басқармаларында сарапшы, басшы орынбасары, 2018 жылғы 3 қаңтардан бастап 2018 жылғы 12 қазан аралығында ҚР ҚМ Мемлекеттік сатып алу комитетінде бас сарапшы,
2018 жылғы 15 қазаннан бастап 2019 жылғы 31 қазанға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінің басқармасында бас сарапшы, 2019 жылғы 4 қарашадан бастап 2021 жылғы 31 желтоқсан аралығында ҚР Қаржы министрлігінің Департаментінің басқарма басшысы қызметтерін атқарған.
2022 жылғы 4 ақпаннан бастап 2023 жылғы 17 қыркүйек аралығында ҚР ҚМ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Алматы қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінде бас маман, басшы орынбасары қызметтерін атқарды.