Қаблан Қаршығабекұлы Қамбарбеков Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Солтүстік Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы болып тағайындалды

Қаблан Қаршығабекұлы Қамбарбеков Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Солтүстік Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы болып тағайындалды

Қаблан Қамбарбеков Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін, Қарағанды экономикалық университетін, «Тұран-Астана» университетін бітірген. Әр жылдары ҚР ҚМ Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің сарапшысы, бас сарапшысы, ҚР ҚМ Астана қаласы бойынша Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті департаментінің бөлім бастығы, ҚР Қаржы министрлігінің бас сарапшысы, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің сарапшысы, бас сарапшысы болып жұмыс істеді. Астана қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің бөлімін басқарды, Астана қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті басшысының орынбасары болды. ҚР ҚМ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің басқармасын басқарған. 2020 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін ҚР ҚМ Ақтөбе мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы қызметін атқарды.