«Қайтарылған активтерді басқару жөніндегі компания» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін құру мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына ПРЕСС-РЕЛИЗ

«Қайтарылған активтерді басқару жөніндегі компания» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін құру мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына  ПРЕСС-РЕЛИЗ

«Қайтарылған активтерді басқару жөніндегі компания» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін құру мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы (бұдан әрі - Жоба) «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 33-бабына, Заңнын,  «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Конситуциялық Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2023 жылғы 12 шілдедегі Қазақстан Респубикасының Конституциялық Заңына және «Заңсыз иемделген активтерді мемлекетке қайтару мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2023 жылғы 12 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің 2023 жылғы 26 шілдедегі №115-ө өкімінің 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.

Жобаны қабылдаудың мақсаты Қайтарылған активтерді басқару жөніндегі компания құру. Заңға сәйкес басқарушы компанияның мақсаттары Заңда және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарында белгіленген тәртіппен қайтарылған активтерді басқару, сақталуын қамтамасыз ету, өткізу болып табылады.

Жоба ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (http://legalacts.egov.kz) (ID 14649960) 2023 жылғы 31 шілдеде орналастырылды.

Жобаны жария талқылауды өткізу мерзімі – 2023 жылғы 14 тамызға дейін.