Жоба «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасындағы әкімшілік реформа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 1-бабы 133-тармағының 2-тармақшасына сәйкес әзірленді.
Атылған жобаны қабылдаудың мақсаты Заңға сәйкес «Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі функцияларды орындауға қатысатын жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік меншікпен байланысты мүліктік сипаттағы барлық мәмілелер және қаржылық қызмет туралы есептер беруінің қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 4 наурыздағы № 130 қаулысының күші жойылды деп тану болып табылады, оған сәйкес «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға мемлекеттік меншікпен байланысты мүліктік сипаттағы барлық мәмілелер және қаржылық қызмет туралы есептерді ұсыну тәртібі мен мерзімдерін әзірлеу жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің функциясын беру бөлігінде өзгерістер енгізілді.
Жоба ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14608545) (ID 14608545) 2023 жылғы 14 маусымда орналастырылды.
Жобаны жария талқылауды өткізу мерзімі – 2023 жылғы 29 маусымға дейін.