«Армысың, әз Наурыз!».

«Армысың, әз Наурыз!».

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі ММЖК Алматы қаласы Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің қатысуымен «Армысың, әз Наурыз!» атты мерекелік шарасы ұйымдастырылды.

 

Наурыз думанға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Алматы қаласы бойынша департаментінің, Мемлекеттік басқару академиясының Алматы қаласы бойынша филиалы және филиалдың оқытушылар құрамы мен қызметкерлері қатысты.

 

Сондай ақ, мерекелік іс-шараға қызметкерлердің балалалары арнайы шақырылды.

Наурыз тойында мемлекеттік қызметшілер мен жас бүлдіршіндер арасында қазақ халқының ежелден келе жатқан ұлттық салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпы дәріптеліп, ұлттық құндылықтар насихатталды.

Қызметкерлер ортаға өз өнерлерін салды, ән айтылды, би биленді, қазақтың күйлері шертілді.

 

Сонымен бірге, қазақтың салт-дәстүрін дәріптеу мақсатында «Беташар» және «Тұсау кесер» салты өткізілді. Наурыз мейрамының басты тағамы – Наурыз көже таратылып, мерекелік дастархан жайылды.

Ақсақалдар баталарын беріп, жас бүлдіршіндер мен келген қонақтар  бір-бірімен көрісті.