«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына ПРЕСС-РЕЛИЗ

«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің кейбiр мәселелерi туралы»  Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына ПРЕСС-РЕЛИЗ

 «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы (бұдан әрі – Жоба) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 122-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленген.

Жоба Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасынан тыс жерде орналасқан және шетелдегі дипломатиялық қызмет органдарына бекітілген мемлекеттік мүлікті иеліктен шығару жөніндегі уәкілетті орган болып етіп айқындауына байланысты енгізіледі.

Жоба ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (http://legalacts.egov.kz) (ID 14414180) 2022 жылғы 17 ақпанда орналастырылды.

Жобаны жария талқылауды өткізу мерзімі – 2022 жылғы 6 наурыздаға дейін.