Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі Д.О.Темірбеков және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы Б.К. Тәшенов Алматы қаласының тұрғындарымен кездесті

Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі Д.О.Темірбеков және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы Б.К. Тәшенов Алматы қаласының тұрғындарымен кездесті

Бүгін, ағымдағы жылдың 25 қарашасында Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі ДәуренТемірбеков және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы Бақытбек Тәшенов Алматы қаласының тұрғындарымен кездесті.

Кездесуде ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков Қазақстандағы жекешелендірудің тарихы, ірі ұлттық компаниялардың IPO-сын жекешелендіру және өткізу арқылы экономиканы одан әрі мемлекет иелігінен шығару жөніндегі міндеттер туралы қысқаша айтып берді.

Сөз сөйлеуді ҚР ҚМ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы Бақытбек Тәшенов Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарының жалпы республика бойынша, атап айтқанда Алматы қаласы бойынша ағымдағы орындалуы туралы қысқаша ақпаратпен жалғастырды.

Кездесуге қатысушылардан мемлекеттік мүлікті жалға алу және жекешелендіру рәсімдеріне қатысты сұрақтар келіп түсті.

Кездесуден кейін Дәурен Темірбеков пен Бақытбек Тәшенов баспасөз конференциясына қатысып, азаматтардың жеке қабылдауын өткізді.