Ұлттық валюта –ТЕҢГЕ күні мен ҚР Қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен!

Ұлттық валюта –ТЕҢГЕ күні мен ҚР Қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен!

15-қараша 1993 жыл-еліміз үшін есте қаларлық күн. Бұл күні таңғы сағат 8-ден бастап Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы теңге айналымға енгізілді. Бұл күнді елдің қаржылық тәуелсіздік күні деп санауға болады.

Бүгін, 2022 жылғы 15 қарашада ұлттық валюта күні қарсаңында Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің  Төрағасы Бахытбек Тәшенов  әріптестерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтап, мінсіз және жемісті жұмысы үшін алғысын білдірді.

Құттықтаудан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің бірқатар қызметкерлері марапатталды.

"Құрметті әріптестер, құрметті қаржыгерлер сіздерді экономиканың қаржы секторы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі - Қаржыгерлер күнімен құттықтаймын! Отбасыларыңызға  денсаулық, құт-береке, ауызбіршілік тілейміз. Әрбір бастаған істеріңізге сәттілік тілейміз. Мерекелеріңізбен!"