Кайрат Мырзахметов Мемлекеттік мүлік және жекешеледіру комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды

Кайрат Мырзахметов Мемлекеттік мүлік және жекешеледіру комитеті төрағасының орынбасары  болып тағайындалды

Қайрат Мырзахметов 1984 жылы Талдықорған қаласында дүниеге келген.

2004 жылы – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін Халықаралық құқық мамандығы бойынша тәмамдаған.

2006 жылы – Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірген, қаржы бакалавры.

2022 жылы – І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетін   тәмамдаған, іскерлік әкімшілік магистрі.

Еңбек жолын 2005 жылы Қаржы полициясы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарынан бастаған.

2018-2020 жылдары аралығында – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Ішкі тергеп-тексеру департаментінің Ішкі инспекция тобындағы Бас прокурордың аға көмекшісі қызметінде болды.

2020 жылы – Бас прокуратураның қызметкері жұмысын атқарды.

2021 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Апелляция департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды.

2021 жылы «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 100 жыл» естелік төсбелгісімен марапатталған.