Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі А. Е. Қалиясовтың Алматы қаласына жұмыс сапары

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі А. Е. Қалиясовтың Алматы қаласына жұмыс сапары

Іс сапар барысында ҚР ҚМ Әдеп жөніндегі уәкілі А.Е. Қалиясовтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Алматы қаласы бойынша аумақтық бөлімшелерінің басшыларымен кездесуі өтті.

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің конференц-залында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Алматы қаласы бойынша аумақтық бөлімшелерінің басшы құрамының және Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы қ. бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Таумұрат Д.Т. қатысуымен және Алматы қаласы мәслихатының депуттаттарының қатысуымен мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзуға жол бермеу мақсатында дәріс өткізілді.

Дәріс аясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзу профилактикасы және оған жол бермеу, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Алматы қаласы бойынша аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді, мемлекеттік қызметшілерді және басқа да азаматтарды қабылдау жүзеге асырылды.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі А.Е. Қалиясов Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Алматы қаласы бойынша аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлерін қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың және Әдеп кодексінің нормаларын сақтауға шақырды.