Нұр-Сұлтан қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілінің түсіндіру іс-шарасы

Нұр-Сұлтан қаласы мемлекеттік мүлік  және жекешелендіру департаментінің  Әдеп жөніндегі уәкілінің түсіндіру іс-шарасы

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі Хамзин Дастан Айтжанович Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және қызметтік әдеп саласындағы Заңнама талаптарының бұзылуының алдын алу мақсатында Департаменттің мемлекеттік қызметшілеріне түсіндіру іс-шарасы өткізді.

Іс-шарада қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу бойынша анонимді сауалнама нәтижелері талқыланды.

Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік органның оң имиджін қалыптастырудағы маңызды рөлі түсіндірілді.

📌 Егер Сіз Департаменттің мемлекеттік қызметшілері тарапынан Қызметтік этиканы немесе Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы» Заңының бұзу фактілеріне тап болсаңыз

📞27-03-88 сенім телефонына хабарласа аласыз