НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, САУДА-САТТЫҚ!

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, САУДА-САТТЫҚ!

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті республикалық меншік объектілерін сату бойынша сауда-саттықтарды өткізу туралы хабарлайды

Жекешелендіру объектілерін сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидасына (бұдан әрі - Қағида) сәйкес жүзеге асырылады.

__________________________________________________________

 

Тендер 2019 жылғы 7 маусымда Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 10.00 - да

www.gosreestr.kz Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында (бұдан әрі - тізілім) өткізіледі.

Тендерге мына объект қойылады:

1. Ұйымның атауы: «Қаржы академиясы» акционерлік қоғамы

Ұйымның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, І. Есенберлин көшесі, 25-үй (Уәлиханов көшесі, 11-үй)

Қызмет түрі: Орта, ортадан кейінгі, жоғары және жоғары білімнен кейінгі кәсіби білім беру мен қосымша білім беру саласында білім беру қызметін көрсету; қаржы жүйесі органдары мамандарының біліктілігін арттыру және бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау

Сатылатын акциялардың мемлекеттік пакетінің мөлшері, жарғылық капиталдан % және акциялар саны: 100 %, 2 280 387 жай акциялар

Бастапқы бағасы: 4 202 775 000 теңге

3 (ұш) жыл мерзімге бөліп-бөліп төлеуге болады. Бұл ретте сату бағасынан кемінде 15 % (он бес пайыз) мөлшеріндегі бастапқы жарна сатып алу-сату шартына қол қойған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде енгізілуі тиіс. Қалған сома Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми қаржыландыру мөлшерін негізге ала отырып пайыздарды есептеумен тоқсан сайын бірдей үлестермен енгізіледі

Кепілдік жарна: 75 750 000 теңге

Тендер шарттары: Қызмет бейінін 5 (бес) жыл бойы сақтау

Қатысушыларға қойылатын қосымша талаптар: Сатушының пайдасына таза пайдадан 2019 жылдың қорытындылары бойынша (жылдық қаржылық есептілік бекітілгеннен кейін) «Қаржы академиясы» акцияларының мемлекеттік пакетінің меншік құқығы сатып алушыға өту күніне дейінгі кезеңге барабар кемінде 50% (елу пайыз) дивидендттер төлеуге келісу

Тендерді өткізу тәртібі.

Егер тендерге тiркелген қатысушылардың саны екеуден аз болса, онда жекешелендiру объектiсi бiр ғана қатысушыға сатылуы мүмкiн үшiншi сауда-саттықты қоспағанда, тендер өтпеген деп жарияланады.

Егер тендер өтпеген деп жарияланса, сатушы тендердің өткізілмегені туралы актіге қол қояды.

Тендерге қатысуға өтінімдерді ашу сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген күн мен уақыт келгенде тізілімнің веб-порталы арқылы автоматты түрде жүргізіледі.

Жекешелендiру объектiсi үшiн ең жоғары бағаны ұсынған қатысушы тендердiң жеңiмпазы деп танылады. Егер тендерде екi және одан көп қатысушының ұсынысы бірдей ең жоғары бағаны қамтитын болса онда осы қатысушылардың арасында қатысушылардың басқа өтінімдерінен өтінімі бұрын қабылданған қатысушы тендердің жеңімпазы болып танылады.

Тендердің жеңімпазы сауда-саттық нәтижелері туралы электрондық хаттамаға қол қою үшін электрондық почта арқылы сауда-саттық нәтижелері туралы хабардар етіледі.

Сауда-саттық нәтижелері туралы хаттама тізілімнің веб-порталында қалыптастырылады, оған сауда-саттық өткізілетін күні сатушы мен тендердің жеңімпазы ЭЦҚ пайдалана отырып қол қояды.

Сауда-саттық нәтижелерi туралы хаттама тендердің нәтижелерi мен жеңiмпаздың және сатушының тендер нәтижесi болып табылатын шарттармен жекешелендiру объектiсiн сатып алу-сату шартына қол қою міндеттемесін тiркейтiн құжат болып табылады Сатып алу-сату шарты электрондық форматта тізілімнің веб-порталында жасалады және сатушы мен сатып алушы ЭЦҚ пайдалана отырып сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде оған қол қояды. Бұл ретте сатушы сатып алушыға сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойған күннен бастап күнтізбелік бес күннен аспайтын мерзімде қол қоюға сатып алу-сату шартының жобасын ұсынады.

Егер жеңімпаз сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға не сатып алу-сату шартына белгіленген мерзімдерде қол қоймаған жағдайда, сатушы ЭЦҚ пайдалана отырып, тізілімнің веб-порталында қалыптастырылатын сауда-саттық нәтижелерінің күшін жою туралы актіге қол қояды және осы жекешелендіру объектісі күшін жойған сауда-саттық шарттарымен сауда-саттыққа қайтадан шығарылады.

Тендер қатысушыларын тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап 2019 жылғы 7 маусымда сағат 08.00-де аяқталады

 

Аукцион 2019 жылғы 7 маусымда Астана қаласының уақыты бойынша сағат 10.00 бастап 17.00-ге дейін www.gosreestr.kz Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында (бұдан әрі - тізілім) өткізіледі.

Сауда-саттықтың бағаны көтеру әдiсiмен аукционға мына объекті қойылады:

1. Ұйымның атауы: «M.S. Narikbaev atyndagy KAZGUU Universiteti» акционерлік қоғамы

Ұйымның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Қорғалжын тас жолы,8

Қызмет түрі: Гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық ғылым салаларында мамандар даярлау және қайта даярлау, іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу

Сатылатын акциялардың мемлекеттік пакетінің мөлшері, жарғылық капиталдан % және акциялар саны: 35%, 243 483 жай акциялар

Бастапқы баға: 1 746 350 614 теңге

Кепілдік жарна: 75 750 000 теңге

Бағаны көтеру әдiсiмен аукцион өткізудің тәртібі:

Аукционға жіберілген қатысушыға тізілімнің веб-порталы беретін аукцион нөмірі бойынша аукцион залына кіруге рұқсат беріледі.

Аукционға қатысушылар аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып, аукцион залына кіреді. Аукцион жекешелендіру объектісінің бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақыты бойынша басталады.

1) егер аукцион залында аукцион басталған сәттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-бірі осы Қағиданың 46-тармағына сәйкес белгіленген қадамға жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, онда осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілмеген болып танылады;

2) егер аукцион залында аукцион басталған сәттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың бірі осы Қағиданың 46-тармағына сәйкес белгіленген қадамға жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растайтын болса, онда бастапқы баға белгіленген қадамға артады;

3) егер ағымдағы баға артқаннан кейін жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-бірі жекешелендіру объектісінің ағымдағы құнын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, онда жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілген болып танылады.

Жекешелендіру объектісі бойынша бағаны көтеру аукционы қатысушылардың бірі ұсынған ең жоғары бағаға дейін жүргізіледі.

Жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы бағаны арттырудың кемінде екі қадамына өскен жағдайда ғана жекешелендіру объектісі бойынша бағаны көтеру аукционы өткізілген болып танылады, бұл ретте бастапқы бағаның екі қадамға көтеруді кемінде екі қатысушы жүзеге асырады.

Аукционды өткiзу кезiнде жекешелендiру объектiсiнiң бастапқы бағасы жекешелендіру объектісінің алғашқы бағасына тең болады.

Егер бағаны көтеру аукционы аяқталатын сәтте сағат 17:00-де аукцион жеңімпазы айқындалмаса, онда жекешелендіру объектісін сатып алуға өзінің ниетін растаған соңғы қатысушы жеңімпаз деп танылады және осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілген болып танылады.

Егер аукцион басталған сәтте жекешелендіру объектісі бойынша аукцион залында екі қатысушыдан аз тіркелсе және болса, осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілмеген болып танылады.

Әрбір сатылған жекешелендіру объектісі бойынша аукцион нәтижелері сауда-саттықтар нәтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы және жеңімпаз ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, сауда-саттық өткiзiлген күнi тізілімнің веб-порталында қол қояды.

Сауда-саттықтар нәтижелері туралы хаттама аукцион нәтижелерін және жеңімпаз бен сатушының жекешелендіру объектісін сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттерін белгілейтін құжат болып табылады.

Жеңімпазбен сатып алу-сату шартына аукцион өткізілген күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде қол қойылады. Бұл ретте сатушы сатып алушыға сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойған күннен бастап күнтізбелік бес күннен аспайтын мерзімде қол қоюға сатып алу-сату шартының жобасын ұсынады.

Егер Жеңімпаз сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға не сатып алу-сату шартына осы Қағиданың 49 және 50-тармақтарында көрсетілген мерзімдерде қол қоймаған жағдайда, сатушы тізілім веб-порталында қалыптастыратын аукцион нәтижелерінің күшін жою туралы актіге қол қояды және осы жекешелендіру объектісі күшін жойған сауда-саттық шарттарымен сауда-саттыққа қайтадан шығарылады.

Аукционға қатысушыларын тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап 2019 жылғы 7 маусымда сағат 08.00-де аяқталады.

_________________________________________________________

Тендерге және аукционға қатысу үшін мыналарды:

1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі - ЖСН), тегін, атын, әкесінің атын (бар болса);

2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі - БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын, әкесінің атын (бар болса);

3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелерін;

4) байланыс деректерін (почталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail)

көрсете отырып, тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет.

Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді.

Тендерге және аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушының ЭЦҚ қойылған нысан бойынша сауда-саттыққа қатысуға өтінімді тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет.

Тендерге қатысушылар сауда-саттық шартымен келісуді қамтитын өтінімді және сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген қатысушыларға (сатып алушыға) қойылатын қосымша талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың электрондық (сканерленген) көшірмелерін қоса бере отырып, тізілімнің арнайы бөлінген веб-парақшасында электрондық конвертке жүктелетін баға ұсынысын тіркейді (соның ішінде акциялардың мемлекеттік пакетінің немесе мемлекеттік қатысу үлесінің меншік құқығының сатып алушыға өту күніне дейін 2018 жылдың және 2019 жылдың (жылдық қаржылық есептілік бекітілгеннен кейін) нәтижесі бойынша таза табыстың 50% (елу пайызынан) кем емес дивидендттерді сатушыға кезеңге пара-пар төлеуге келісім туралы бекітілген үлгідегі кепіл хаттың сканерленген көшірмесі (қоса беріледі).

Тендердің және аукционның жеңімпазы сатып алу-сату шартына қол қойған кезде сатушыға салыстырып тексеру үшін мынадай құжаттардың:

1) жеке тұлғалар үшін: паспорттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың;

2) заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің не анықтаманың;

заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куәландыратын құжаттың, сондай-ақ заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқаларын міндетті түрде көрсете отырып, олардың көшірмелерін не нотариат куәландырған көшірмелерін ұсынады.

Тендердің жеңімпазы сатушыға сатып алу-сату шартына қол қойған кезде өтінімге тіркелген құжаттардың тұпнұсқаларын не нотариатта куәландырылған көшiрмелерін ұсынады.

Құжаттардың түпнұсқалары салыстырып тексерілгеннен кейін, бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады.

Кепілдік жарна мынадай деректемелерге енгізіледі: «Қазақстан Халық банкі» АҚ-да, ЖСК KZ946017111000000330, БСК HSBKKZKX, төлем мақсатының коды 171, бенефициар коды 16, төлем алушы: «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ, БСН 050540004455.

Тендерге және аукционға қатысуға өтінім тіркелгеннен кейін тізілімнің веб-порталы үш минут ішінде өтінім берілген сату объектісі бойынша кепілдік жарнаның түсуі туралы мәліметтердің тізілімнің дерекқорында болуы тұрғысынан автоматты түрде тексеру жүргізеді.

Қатысушының Қағиданың 28 және 29-тармақтарында көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ арнайы транзиттік шотына сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаның сауда-саттықтар басталғанға дейін екі сағат бұрын түспеуі тізілім веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

Тізілімнің дерекқорында арнайы транзиттік шотқа кепілдік жарнаның түскені туралы мәліметтер болған жағдайда, тізілімнің веб-порталы өтінімді қабылдауды және қатысушыны тендерге және аукционға жіберуді жүзеге асырады. Тізілімнің дерекқорында бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына кепілдік жарнаның түскені туралы мәлімет болмаған жағдайда, тізілім веб-порталы қатысушының өтінімін кері қайтарады.

Тізілімнің веб-порталы автоматты тексеру нәтижелері бойынша тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына өтінімді қабылдауды не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.

Осыған байланысты, арнайы транзиттік шотқа кепілдік жарнаның уақтылы түсуі мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті өтінім бергенге дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей кепілдік жарнаны төлеу ұсынымын жасайды.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің орналасқан жері: Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 11, 905-каб.

Тендер және аукцион өткізу туралы қосымша ақпаратты www.gosreestr.kz сайтынан қарауға болады немесе 8 (7172)717184, 717189 телефондары арқылы алуға болады.