«Мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың басқару тиімділігінің мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 желтоқсандағы № 1546 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың басқару тиімділігінің мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 желтоқсандағы № 1546 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ПРЕСС-РЕЛИЗ

 

«Мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың басқару тиімділігінің мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 желтоқсандағы № 1546 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына

 

«Мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың басқару тиімділігінің мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 желтоқсандағы № 1546 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы (бұдан әрі – Қаулы жобасы) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы М.Ә. Нұртілеудің 2022 жылғы 23 ақпандағы № 7766-3 ПАБ мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 12-тармағын орындау туралы қарарына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Б.Т.Сұлтановтың 2022 жылғы 1 наурыздағы № 20-02/01-86//659 п. 12 бұйрығын орындау мақсатында әзірленді.

Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 12-тармағына сәйкес шығынданған ұлттық компаниялар мен мемлекеттік кәсіпорындардың тиімділігіне олардың басшыларының жауапкершілігін қарастырып, себептеріне түсінік берумен және жалпы қағидаларды қабылдаумен талдау жүргізу көзделген.

ЖІЖ 12-тармағы бойынша 2021 жылдың 2 желтоқсанында Президент Әкімшілігінің басшылығымен өткен кездесу барысында, ҚР Қаржы министрлігіне ҚР Ұлттық экономика министрлігіне шығынға ұшыраған ұлттық компаниялар мен мемлекеттік кәсіпорындар басшыларының жауапкершілігін қарау туралы ұсыныс енгізу тапсырылды.

Сонымен, ҚМ 2021 жылғы 16 қарашадағы № 003-КГ/Д-10023//21-64-4.12 хатымен критерийлер бойынша шығынды Ұйымдардың тізімін анықтау және квазимемлекеттік сектор басшыларының келтірілген шығындары үшін жауапкершілікті қамтамасыз ету ұсынылды.

Осыған байланысты, квазимемлекеттік сектор басшысының келтірілген шығындар үшін тәртіптік сипаттағы жауаптылығын қамтамасыз ету туралы толықтыру ұсынылған.

Шығынды мемлекеттік ұйымдардың тізбесін айқындау мақсатында, тізбеге енгізуге және қаржылық-шаруашылық қызмет түрлерін талдауға жататын Ұйымдарға қойылатын критерийлерді нақты анықтау қажет.

Сол себепті, келесі критерийлер қарастырылған:

- пайданы жоспарлап, есепті жылы шығын алған, мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалар;

- есепті жылдың қорытындысы бойынша, жоспарланған шығынның артуына жол берген, мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет қатысатын заңды тұлғалар.

Сонымен қоса, мониторинг объектілердің тізімін анықтау кезіндегі әдістердің өзгеруіне байланысты «тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде» деген ұғымы және сөздері алынып тасталады.

Осыған байланысты, Бұйрық жобасына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Бұйрық жобасы ашық нормативтік құқықтық актілерінің интернет-порталында орналастырылған (https://legalacts.egov.kz, 1-версия 17.03.2022ж.).