«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі №387 қаулысына толықтыру енгізіледі

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі №387 қаулысына толықтыру енгізіледі

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына

ПРЕСС-РЕЛИЗ

 

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы (бұдан әрі – Жоба) мемлекеттік органдардың басшыларын қызметтік автокөлікпен қамтамасыз ету және оның санын қысқарту жөнінде жаңа тәсілдер әзірлеу бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметі отырысының 2021 жылғы 2 ақпандағы № 3 хаттамасымен мақұлданған Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 26 қаңтардағы кеңейтілген отырысында берілген Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын орындау жөніндегі Жол картасының 2.38-тармағын іске асыру үшін әзірленді.

Жобаның мақсаты мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына көлік шығыстарының өтемақысын төлеу тәртібін әзірлеу және бекіту, сондай-ақ өтемақы алуға жататын мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының санаттарын айқындау бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің функцияларын толықтыру болып табылады.

Жобаны қабылдау мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына көлік шығыстарының өтемақысын төлеу тәртібін белгілеуге, сондай-ақ өтемақы алуға жататын мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының санаттарын айқындауға, қызметтік көлік санын қысқартуға мүмкіндік береді.

Жоба ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (http://legalacts.egov.kz) (ID 14038134) 2022 жылғы 18 наурызда орналастырылды.

Жобаны жария талқылауды өткізу мерзімі – 2022 жылғы 6 сәуірге дейін.