Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі

№ 387 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына

 

ПРЕСС-РЕЛИЗІ

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы:

1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі
№ 590 қаулысымен бекітілген мемлекеттік орган туралы үлгілік ережеге;

2) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2021 жылғы                   2 қаңтардағы Заңына;

3) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты ендіру және Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жекелеген функцияларын қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы Заңына;

4) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес келтіру мақсатында әзірленген. 

Осылайша «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты ендіру және Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жекелеген функцияларын қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 30 желтоқсандағы және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы 2021 жылғы 2 қаңтардағы заңдарымен 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына өзгерістер енгізілген, онда мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның қызметтері  толықтырылған.

Жобаны қабылдау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережені өзектендіруге және оны Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтіруге жол береді.

Осыған байланысты, Жобаға тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп отыр.

Бұйрық жобасы ашық нормативтік құқықтық актілерінің интернет-порталында орналастырылған (https://legalacts.egov.kz, 09.02.2022ж.,).