«Мемлекеттік мүліктің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 207 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Мемлекеттік мүліктің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы  № 207 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Мемлекеттік мүліктің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы
№ 207 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасына

 

ПРЕСС-РЕЛИЗІ

«Мемлекеттік мүліктің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы
№ 207 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасы (бұдан әрі – Бұйрық жобасы) 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 1 бабының 37-2  тармағы мен 199 бабының 2 тармағына сәйкес келтіру мақсатында құрастырылған. 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты ендіру және Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жекелеген функцияларын қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 95-VII ҚРЗ Заңымен 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына өзгерістер енгізілген.

Сонымен бірге, 2030 жылға дейін мемлекеттік қаржыны басқару тұжырымдаға сәйкес (ҚР Президентіне қарастырылуына 2021 жылғы 28 желтоқсанындағы № 941 ҚҮҚ-мен енгізілді), квазимемлекеттік сектор міндеттемелерін толық есепке алу үшін бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган ішкі және сыртқы қарыздың мониторингін жүргізуі тиіс.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 14 ақпандағы №14 бұйрығымен бекітілген, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, олардың іске асырылуын мониторингілеу және бағалау, сондай-ақ олардың орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну қағидаларында қарыз алу құрылымы туралы ақпарат беру көзделген.

Осыған орай, ҚР-сы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы №207 бұйрығымен бекітілген, Мемлекеттік мүлік тізілімін жүргізу қағидаларына қарыз алу құрылымы туралы ақпаратты қосымша мәліметтер құрамына қосылды.

Осыған байланысты, Бұйрық жобасына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Бұйрық жобасы ашық нормативтік құқықтық актілерінің интернет-порталында орналастырылған (https://legalacts.egov.kz, 1 версия 27.01.2022ж.,
2 версия 09.02.2022ж.).